.RU

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Дата07.09.2017өлшемі158.18 Kb.
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 21.01.2010 г., № 13 (26074); "Егемен Қазақстан" газетi 20.02.2010 ж., № 63-65 (25911); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 63-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                  К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2318 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн анықтайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпарат жүйесiн (бұдан әрi - ААЖ) пайдалана отырып та, алфавиттiк-анықтама картотекасымен де көрсетiледi.
      3. Мемлекеттiк қызметтер «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының, «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
      4. Мемлекеттiк қызмет ауылдық округтар әкiмдiктерi (бұдан әрi  - уәкiлеттi орган) арқылы, сондай-ақ тiзбесi осы стандартқа 2,  3-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - ХҚО) арқылы баламалы негiзде көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi аяқтау нысаны жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде:
      жеке тұлға тiкелей өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет  көрсету мерзiмi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 күн. ХҚО-дан түскен жазбаша сауалдардың орындалу мерзiмi құжаттардың уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап - 2 жұмыс күнi;
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде барынша рұқсат етiлетiн кезек күту уақыты - 15 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде барынша рұқсат етiлетiн кезек күту уақыты - 15 минут;
      ХҚО-ға өтiнiш берген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi - уәкiлеттi органға қажеттi құжаттарды тапсырған күннен бастап - 2 жұмыс күнi (мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне құжаттарды қабылдаған және берген күндер кiрмейдi);
      2) құжатты тапсыру кезiнде барынша рұқсат етiлетiн кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде барынша рұқсат етiлетiн кезек күту уақыты - 10 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.
      9. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында, тiзбесi осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетiлген, мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде:
      демалыс және мереке күндердi қоспағанда түскi үзiлiспен аптасына бес күн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесi сағат 9.00 ден 18.00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00 ден 14.00 дейiн.
      ХҚО-ға өтiнiш берген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00 ден 20.00 дейiн, түскi үзiлiссiз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiмен қамтамасыз етiледi.
      11. Уәкiлеттi органның үй-жайларында қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн де жағдай жасалған. Күту залы ғимараттың бiрiншi қабатында орналасқан ақпараттық стендiлермен жарақталады.
      Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша ХҚО-ның ғимаратында да көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкiлер үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасады.
      Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша талдау жүргiзу, жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында уәкiлеттi органдарда және ХҚО-да жеке тұлғалар үшiн шағымдар мен ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған жеке тұлғаға ғана берiледi.


      Мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн тұтынушылар:
      уәкiлеттi органға:
      1) еркiн нысандағы өтiнiштi;
      2) жеке куәлiктi немесе жеке куәлiктiң көшiрмесiн;
      ХҚО-ға:
      1) өтiнiштi;
      2) жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн ұсынады.
      Құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде, ХҚО-ның қызметкерi көшiрменi түпнұсқамен салыстырады және түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.
      ХҚО-да өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе ХҚО-ның консультанттарында болады.
      Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн құжаттар  уәкiлеттi органның осы анықтаманы жазып беретiн маманына тапсырылады.
      Жеке тұлға тiкелей өтiнiш бергенде уәкiлеттi органның маманы есеп журналында тұлғаның белгiленген деректерiн тiркейдi, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдаланумен тексередi, өтiнiштi орындаған уәкiлеттi орган маманының деректерiн және тұтынушының мекен-жайын көрсете отырып мөртаңба қойылған жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама бередi.
      Тұтынушылардың жазбаша сауалдарын уәкiлеттi органның маманы кiрiс хат-хабар журналына тiркейдi, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдаланумен тексередi, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтаманы толтырып шығыс хат-хабар журналында тiркейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама заңды тұлғаның жазбаша сауалы бойынша сауалдың келесi бетi толтырылып мөртаңба қойылып бiр тұлғаға берiледi, ол тұтынушыға қайтарылады. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманың тiзiмi түскенде, уәкiлеттi орган жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәлiметi бар тұлғаларға ғана толтырады, басқа фамилиялардың тұсына «тiзiмде жоқ» деген белгi қойылып, анықтамалар қоса тiркелген адресатқа қайтарылады.
      ХҚО арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуде ХҚО-ның инспекторы құжаттардың толықтығы туралы 12-тармаққа сәйкес тексерудi жүзеге асырып, журналға тiркейдi және жинақтау бөлiмiнiң инспекторына құжатты қайтарады.
      ХҚО-ның жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжатты жинауды, тiзiлiм жасауды және оны уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      ХҚО тиiстi уәкiлеттi органға өтiнiштi қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге және керi курьерлiк байланыс арқылы күнiне кемiнде 2 рет осы өтiнiштердi қабылдау күнiнде жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган құжаттар пакетiн ХҚО-дан алғаннан кейiн оның осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдалана отырып тексередi, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама толтырады, орындалған құжаттардың тiзiлiмiн қалыптастырады және тұтынушыға беру үшiн ХҚО-ға жiбередi.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан ХҚО-ға қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын түсуi қажет.
      15. Уәкiлеттi органға тұтынушының барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттарды беруi талап етiлмейдi.
      Тұтынушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берiледi, оған тұтынушының мекен-жайы бөлiгi және сауалды орындаған уәкiлеттi орган маманының деректерi көрсетiле отырып, мөртаңба қойылады.
      ХҚО арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Жеке тұлға жеке өтiнiш жасаған кезде, уәкiлеттi органда жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жүзеге асырылады.
      ХҚО-да дайын құжаттарды берудi қолхат негiзiнде сонда көрсетiлген мерзiмде ХҚО инспекторы тұтынушыға «терезелер» арқылы берудi жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган, ХҚО мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартады.
      ХҚО-ға келiп түскен, ресiмделген құжаттардан уәкiлеттi орган қате тапқан жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетi толық ұсынылмаса, құжаттарды алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде ХҚО себептердi жазбаша көрсетiп құжаттарды қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн ХҚО тұтынушыны бiр жұмыс күнi iшiнде оларды алғаннан кейiн хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себептерi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Тұтынушы құжаттарды мерзiмiнде алуға өтiнiм жасалмаған жағдайда, ХҚО 1 ай сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайтарады.
      Уәкiлеттi органда жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы сақтау және жою тәртiбiнiң мерзiмi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және ХҚО-ның қызметi адамның конституциялық құқығын сақтауға, қызметтiк борышын орындауда заңдылықты сақтауға және сыпайылық қағидатын жүзеге асыруға, ақпаратты толық ұсынуға, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижесi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижесi осы стандарттардың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызметтердiң нысаналы деңгейiндегi сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiн аудандар әкiмдiктерiнiң қызметтерi басшыларынан құрылған жұмыс тобы жыл сайын бекiтедi.

5. Шағым беру тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган мамандарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру үшiн және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшiн тұтынушы осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетiлген телефондар арқылы уәкiлеттi органның басшыларына, өтiнiш жасайды.


      ХҚО инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты ХҚО ақпараттық-анықтама қызметiнiң телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағым ауылдық округ әкiмiнiң атына берiледi, мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша шағым ХҚО арқылы ХҚО директорының атына берiледi. Уәкiлеттi органның және ХҚО мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, ХҚО-ның ақпарат есебi журналында тiркеледi және Қазақстан Республикасы «Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы» Заңында белгiленген мерзiмде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижесi туралы арызданушыға пошта арқылы жазбаша түрде жауап берiледi.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен ХҚО директорының жұмыс және қабылдау кестесi, уәкiлеттi органның, ХҚО-ның жұмыс кестесiне сәйкес осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.


      Уәкiлеттi органның және ХҚО-ның мекен-жайы, байланыс телефондары 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген, сондай-ақ уәкiлеттi органның және ХҚО үй-жайында орналасқан стендiлерiнде және ресми ақпараттық деректемелерде көрсетiледi.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына       
1-қосымша        

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы(үлесi)

100







1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесi)

100







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)

100







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

40-50







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

1







4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

100







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)

100







4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

85







      Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi модельдiк әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес (интернет-ресурсы: www.kyzmet.kz) есептеледi.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына      
2-қосымша       

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi




1

2

3

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұханов көшесi, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесi, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81 көше, 85-үй

37-74-34

«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына      
3-қосымша       

Астана қ.
«Астана қаласының әкiмдiгi» ММ,
Астана қ., Бейбiтшiлiк к, 11; тел: 8(7172) 55-69-78; факс. 55-72-87
Е-mail: ushastana@mail.ru

Алматы қ.
«Алматы қаласының әкiмдiгi» ММ
Алматы қ., Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 71-65-89; 72-58-17
Е-mail: otdelselhoz@mail.ru

Ақмола облысы
«Ақмола облысы әкiмдiгi» ММ
Көкшетау қ., Абай атындағы к, 83; тел/факс 8(716-2) 25-28-40, 40-24-46;
Е-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@mail.kz

Алматы облысы
«Алматы облысы әкiмдiгi» ММ
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк к, 38 тел. 8(7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43;
Е-mail: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

Атырау облысы
«Атырау облысы әкiмдiгi» ММ
Атырау қ., Әйтеке би к, 77; тел. 8(7122) 32-54-58; факс 35-45-91;
Е-mail: atirauagro@mail.ru

Ақтөбе облысы
«Ақтөбе облысы әкiмдiгi» ММ
Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-34-28, факс 54-17-39;
Е-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

Шығыс Қазақстан облысы
«Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгi» ММ
Өскемен қ., М. Горький атындағы к, 38/40; тел. 8(7232) 24-48-02, факс 24-23-04, 20-42-42
Е-mail: ispaev@yandex.ru

Жамбыл облысы
«Жамбыл облысы әкiмдiгi» ММ
Тараз қ., Абай атындағы к, 125; тел: 8(7262) 45-54-86, 45-88-31, факс 45-42-05, 45-46-28

Батыс Қазақстан облысы
«Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi» ММ,
Орал қ, Қ. Аманжолов атындағы к, 75; тел/факс 8(7112) 51-10-65
Е-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-zemotdel@rambler.ru

Қарағанды облысы
«Қарағанды облысы әкiмдiгi» ММ
Қарағанды қ, Лобода атындағы к, 20; тел/факс 8(7212) 56-09-99
Е-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

Қостанай облысы
«Қостанай облысы әкiмдiгi» ММ
Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 51-17-82;
Е-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

Қызылорда облысы
«Қызылорда облысы әкiмдiгi» ММ
Қызылорда қ., Абай атындағы к, 48; тел. 8(7242) 23-50-80
Е-mail: sh_kyzyl@mail.ru

Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысы әкiмдiгi» ММ,
Ақтау қ, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 60-51-18, 43-45-52
Е-mail: so.mangistau@rambler.ru

Павлодар облысы
«Павлодар облысы әкiмдiгi» ММ,
Павлодар қ, Академик Сәтпаев атындағы к., 49; тел. 8(7182) 32-22-09, 32-72-32
Е-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

Солтүстiк Қазақстан облысы
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi» ММ,
Петропавл к., Қазақстан Конституциясы, 58; тел. 8(7152) 36-17-66, факс 36-07-45;
Е-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

Оңтүстiк Қазақстан облысы
«Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi» ММ
Шымкент қ, Тоқаев атындағы к. 17, тел. 8(7252) 53-91-86, факс 54-00-60
Е-mail: dsh_uko@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:

xii-mezhdunarodnaya-konferenciya-bezopasnost-aes-i-podgotovka-kadrov-2011-plenarnoe-zasedanie.html
xii-mezhdunarodnaya-nauchno-prakticheskaya-konferenciya-turizm-i-servis-podgotovka-kadrov-problemi-i-perspektivi-razvitiya.html
xii-mezhdunarodnuyu-nauchno-innovacionnuyu-konferenciyu-aspirantov-studentov-i-molodih-uchenih-s-elementami-nauchnoj-shkoli-teoreticheskie-znaniya-v-prakticheskie-dela.html
xii-nauchno-prakticheskaya-konferenciya-dni-nauki-oti-niyau-mifi-2012.html
xii-obrazec-oformleniya-titulnogo-lista-metodicheskie-rekomendacii-ukazaniya-dlya-provedeniya-zanyatij-so-studentami.html
xii-pesheri-chatirdaga-biografiya.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/marketing-v-turizme-chast-3.html
  • lecture.bystrickaya.ru/573-pryamie-rashodi-na-proizvodstvo-produkcii-rekomendacii-po-razrabotke-biznes-plana-posledovatelnost-razrabotki.html
  • tests.bystrickaya.ru/l-s-kiseleva-n-g-hajrullina-zam-glavnogo-redaktora.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-3-regionalnaya-programma-razvitiya-tehnicheskogo-i-professionalnogo-obrazovaniya-v-akmolinskoj-oblasti-na-2008-2012-godi.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/stadiya-zerkala-bernard-verber-enciklopediya-otnositelnogo-i-absolyutnogo-znaniya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tema-15-gosudarstvo-blagodenstviya-i-smeshannoe-gosudarstvo-socialnaya-politika-gosudarstva.html
  • desk.bystrickaya.ru/pmu-s-n-18-417-azastan-respublikasini-blm-zhne-ilim-ministrlg.html
  • crib.bystrickaya.ru/kafedra-russkoj-i-zarubezhnoj-literaturi-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-istoriya-russkoj-literaturi-stranica-2.html
  • learn.bystrickaya.ru/fraktalnij-analiz-vremennih-ryadov-i-tablic-sopryazhennosti.html
  • universitet.bystrickaya.ru/sudebnaya-praktika-statya-celi-i-zadachi-trudovogo-zakonodatelstva.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/boevoj-ustav-suhoputnih-vojsk-chast-3-chast-17.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/kontrolnaya-rabota-disciplina-bezopasnost-zhiznedeyatelnosti.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/osnovnie-ponyatiya-i-rezultati-kibernetiki.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/literaturnoe-chtenie-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-nachalnogo-obshego-obrazovaniya-municipalnogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskie-materiali-disciplini.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zanyatie-5-sintez-struktur-metodicheskoe-posobie-po-kursu-osnovi-inzhenernogo-proektirovaniya-dlya-studentov-obuchayushihsya.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sekciya-gosudarstvennoe-i-municipalnoe-upravlenie-politicheskie-rezhimi.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-kirov-1999-elektromagnitnie-perehodnie-processi.html
  • predmet.bystrickaya.ru/referat-soderzhanie-vvedenie-rabochaya-programma-kursa-upravlenie-personalom-poyasnitelnaya-zapiska-uchebno-tematicheskij.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tamozhennij-kodeks-respubliki-belarus-chast-13.html
  • occupation.bystrickaya.ru/o-preskripcii-protiv-eretikov-de-praescriptione-haereticorum-stranica-7.html
  • lesson.bystrickaya.ru/profilnaya-matrica-konkurentov.html
  • letter.bystrickaya.ru/o-v-lezina-razrabotka-modeli-strukturirovannogo-povedencheskogo-intervyu-kak-instrumenta-povisheniya-kachestva-otbora-personala-v-zao-kb-sitibank.html
  • books.bystrickaya.ru/centr-olimpijskoj-podgotovki-tyumen-dzyudo.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/tripillya-ta-slovyanstvo.html
  • crib.bystrickaya.ru/informaciya-o-zayavleniyah-zhalobah-i-obrasheniyah-lic-informaciya-po-otdelnim-statyam-konvencii-protiv-pitok-i-drugih.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/sut-uchenij-dzogchen-v-tibetskoj-tradicii-bon-stranica-2.html
  • thesis.bystrickaya.ru/prisuzhdaemaya-uchenaya-stepen-stranica-4.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchet-o-nauchno-issledovatelskoj-rabote-razvitie-melioracii-selskohozyajstvennih-zemel-rostovskoj-oblasti-na-period-do-2020-goda.html
  • education.bystrickaya.ru/3soderzhanie-meropriyatij-otchet-o-nir-listov.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-27-25-iyunya-glupost-ili-agressiya.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sovetskaya-rajonnaya-organizaciya-voi-associaciya-desnica.html
  • occupation.bystrickaya.ru/nikolaj-v-skrickij.html
  • znanie.bystrickaya.ru/762-mm-pistolet-pulemet-ppsh-41-stranica-2.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razrabotka-upravlyayushih-programm-dlya-stankov-s-chpu-s-ispolzovaniem-sovremennih-cadcam-sistem.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.